Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК аса қауіпті антропозооноздық аурулардың алдын алуға бағытталған эпизоотияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізеді. Ауыл шаруашылығы жануарларын аусыл, сібір жарасы, қарасан, түйінді дерматиті және обаға қарсы вакцинациялау, сондай-ақ туберкулезге (ІҚМ) және маңқаға (жылқыларға) аллергиялық зерттеулер жүргізіледі. Бруцеллезге, өндіруші қошқарларының жұқпалы эпидидимитіне, оба мен токсоплазмозға (етқоректілер үшін) серологиялық зерттеулер жүргізу үшін және ірі қара мен ұсақ малдың аусылына иммунитеттің шиеленісуін бақылау үшін қан алу жүзеге асырылады.
Ірі қара малдың (ІҚМ) және ұсақ мүйізді малдың (ҰММ) төлдері құлақ сырғаларын бекіту арқылы бірдейлендіруден өтеді.
Жануарлар иелеріне ветеринариялық мамандармен байланыстың ыңғайлы арнасын, жануарлардың денсаулығы, эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу мерзімдері мен орындары туралы, сондай-ақ, малды сатып алу-сату туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік беретін «Төрт түлік» мобильдік қосымшасының артықшылықтары туралы белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жануарлардың иелеріне ақпараттық жадынамалар таратылады және жануарларды ұстаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын сақтау бойынша консультациялар беріледі.
Алматы қаласының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында 22.07.25 жылға тіркелген мал бас саны:
ІҚМ: 2017 бас
ҰММ: 1648 бас
Жылқы: 1676 бас
Түйе: 16 бас
Шошқа: 136 бас
Тақ тұяқтылар: 28 бас