РК, г.Алматы, Торетай 30А 8 (727) 338-27-59 info@almatyvet.gov.kz

Тіліңізді таңдаңыз

Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК
Ресми интернет-ресурс

Республика күні – елдігіміздің айқын көрінісі

25 қазан – Республика күніне орай кәсіпорнымызда мерекелік жиын ұйымдастырылып, ұжым қызметкерлеріне мерекелік құттықтау арналды.

Іс-шара барысында Кәсіпорын басшылығы барша қызметкерлерді ұлттық мерекемен құттықтап, әрбір азаматтың ел дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ұжымға бірлік пен ынтымақ, тұрақтылық пен толағай табыс тіледі.

Мерекелік жиын аясында кәсіпорын ұжымына жаңадан қабылданған қызметкерлер де таныстырылды. Жаңа әріптестерімізді ортақ еңбек ұжымының қатарына қосылуымен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік, кәсіби өсу мен толағай жетістіктер тіледік.

Осындай тағылымды кездесулер ұжымдық ауызбіршілікті арттырып, ортақ мақсат жолындағы ынтымақтастықты нығайта түседі.

Республика күні құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын!