РК, г.Алматы, Торетай 30А 8 (727) 338-27-59 info@almatyvet.gov.kz

Тіліңізді таңдаңыз

Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК
Ресми интернет-ресурс

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні,«Zerdeli International School Almaty» мектебінде 9–11 сынып оқушыларына арналған «Career Expo 2026» кәсіби бағдар беру көрмесі өтті

Аталған іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» ШЖҚ «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК Ветеринария бөлімінің басшысы
Б. Арыстанбеков қатысып, оқушыларды ветеринария саласымен таныстырды.

Кездесу барысында:
🔹 Мекемеміздің негізгі қызмет бағыттары мен міндеттері таныстырылды;
🔹 Ветеринария саласындағы мамандықтардың маңыздылығы, заманауи мүмкіндіктері мен сұранысқа ие екені айтылды;
🔹 Болашақ түлектерге ветеринар маманның күнделікті нақты жұмысы мен жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді.

Іс-шараға 200-ге жуық мектеп оқушысы қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.