РК, г.Алматы, Торетай 30А 8 (727) 338-27-59 info@almatyvet.gov.kz

Тіліңізді таңдаңыз

Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК
Ресми интернет-ресурс

Кәсіпорын қызметкерлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқудан өтті

2026 жылғы 22–23 қазан күндері Кәсіпорын қызметкерлері қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы оқу курсынан өтті.

Оқу бағдарламасы аясында қызметкерлер келесі бағыттар бойынша білімдерін жетілдірді:

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
  • өрт-техникалық минимум;
  • терроризмге қарсы қорғалу;
  • санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік.

Оқыту барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау, ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған оқыту қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және Кәсіпорында қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған.